Қош келдіңіз! ✒️ Hoş geldiniz! ✒️ Welcome! ✒️ Добро пожаловать!

"Әлем әдебиеті" журналы

"Dünya Edebiyatı" dergisi

"World Literature" magazine

журнал "Мировая литература"

Журнал редакциясымен байланыс:
Whatsapp
E-mail

"Әлем әдебиеті" халықаралық әдеби-көркем және танымдық тәржіма журналы

Ұлықбек Есдәулет
Бас директор — Редакциялық алқа төрағасы

Ардақты оқырман!
     Бұл журналда екі ғалам ұшырасып-ұштасып, ұласып-тоғысады: Қазақ әдебиеті және Әлем әдебиеті! Шалқар теңіз бен Ұлы мұхит! Бөгде тілдер, бөлек тарихи дәуірлер, өзге мәдениет, өзінше әдеби мектептер, мүлде ұқсамайтын ұлттық ерекшелік, басқа дүниетаным болғанымен бір-бірімен үндесетін пернелері де мол. Тек бірінен біріне көркемдігін жоғалтпай, бояуын жұтатпай, деңгейін түсірмей, мән-мағынасын сақтап, шеберлікпен аудара білу керек.
     2006 жылдан бастап “Фолиант” баспасы екі айда бір шығарған, қазақ оқырмандарын әлем әдебиетінің не бір әйгілі қаламгерлерінің, ұлы тұлғаларының өлмейтін шығармаларымен, асыл жауһарларымен, қайталанбас қазыналарымен 10 жыл бойы таныстырып келген және әдебиет пен баспасөз тарихында өз орнын ойып алған, алайда 2016 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жабылып қалған “Әлем әдебиеті” журналын Жаңа Қазақстан тұсында қайта шығаруды қолға алдық.
     “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” деп ұлы Шәкарім айтқандай, бұл басылым енді түр-тұрпатын өзгертіп, халықаралық мәртебе алып, бұдан былай қазақ, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көретін болды. “Әлем әдебиеті” — “World literature” — “Dünya Edebiyatı” журналының жаңалығы да, басты ерекшелігі де осында. Нақтылап айтсақ, әлем әдебиетінің ең озық үлгілерін қазақ тіліне тәржімалап, ал қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларын ағылшын және түрік тілдерінде шетелдік оқырмандарға ұсынамыз.
     Шынтуайтына келгенде, қолыңыздағы журнал дүние жүзі әдебиеттерінің арасындағы асыл арнаға, берік байланыс арқауына, өлмейтін өткелге, айнымас алтын көпірге айналары анық.Қазақ оқырманы да, әлем оқырманы да, әр номер сайын жаңа олжаға кенелетіні сөзсіз.

Журналға жазылуды ұмытпаңыздар! Рахмет!

Ержан Алаштуған
Бас редактор

Журналымыздың шыққан сандарын онлайн оқи аласыздар

№1 (маусым-шілде, 2024 ж.)
№2 (тамыз-қыркүйек, 2024 ж.)
№3 (қараша-желтоқсан, 2024 ж.)